Саясаттарды салыстыру

Бір басқарылатын бағдарлама үшін екі саясатты салыстыруға болады. Саясатты салыстыру нәтижесінде сіз қандай саясат параметрлері сәйкес келетінін және қайсысы ерекшеленетінін көрсететін есеп аласыз. Саясатты салыстыру, мысалы, жергілікті кеңселердегі әртүрлі әкімшілер бір басқарылатын бағдарлама үшін бірнеше саясат жасаған болса немесе әр жергілікті кеңсе үшін бір жоғарғы деңгейлі саясат иеленген болса және өзгертілсе қажет болуы мүмкін. Сіз саясаттарды келесі тәсілдердің бірімен салыстыра аласыз: бір саясатты таңдап, оны екіншісімен салыстыру арқылы немесе саясаттар тізіміндегі кез келген екі саясатты салыстыру арқылы.

Бір саясатты екіншісімен салыстыру үшін:

  1. Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
  2. Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында басқа саясатпен салыстыру қажет болған саясатты таңдаңыз.
  3. Саясаттың мәнмәтіндік мәзірінде Саясатты басқа саясатпен салыстыру тармағын таңдаңыз.
  4. Саясатты таңдау терезесінде салыстыру қажет болған саясатты таңдаңыз.
  5. OK түймесін басыңыз.

Бағдарлама үшін HTML пішімінде екі саясатты салыстыру есебі көрсетіледі.

Саясат тізіміндегі екі саясатты салыстыру үшін:

  1. Саясат тізіміндегі Саясаттар қалтасында SHIFT немесе CTRL пернесінің көмегімен бір басқарылатын бағдарлама үшін екі саясатты таңдаңыз.
  2. Мәнмәтіндік мәзірде Салыстыру тармағын таңдаңыз.

Бағдарлама үшін HTML пішімінде екі саясатты салыстыру есебі көрсетіледі.

Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасының саясат параметрлерін салыстыру есебінде саясат профильдерін салыстыру да орындалады. Саясат профильдерінің параметрлерін салыстыру нәтижелерін азайтуға болады. Блокты азайту үшін блоктың атауы жанындағы көрсеткі белгішесін () басыңыз.

Басына оралу